ОҚО-да атлетикадан эстафетаға мыңдаған адам қатысты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Таяуда облыстық «Южный Казахстан» газеті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жүлдесіне жеңістің 71 жылдығына және облыстық дене шынықтыру және спорт комитетінің бірінші төрағасы М.Николаевты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан эстафета өтті.

 ОҚО-да атлетикадан эстафетаға мыңдаған адам қатысты

ОҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1937 жылдан бастау алған бұл шара, тіпті соғысы жылдарында да тоқтаған емес.

Жалпы саны 1100 спортшы қатысқан шараға қала, аудандардан 5 колледж, 3 жоғарғы оқу орындарының студент жастары, 90-ға жуық мектеп оқушылары мен спорт және басқада ұйымдарының қызметкерлерінен құралған командалар жұмылдырылды. 79-шы рет ұйымдастырылып отырған эстафетада қатысушылар 10 деңгей бойынша Қонаев даңғылы бойымен 5200 метр қашықтықты жүгіріп өтті.

Мектеп оқушы командалар арасында 1-ші орынды № 23 орта жеңіп алса, колледж студенттері арасында «Парасат»колледжі, Жоғары оқу орындары мен ұйымдар арасынан М. Әуезов атындағы ОҚМУ-командасы жеңімпаз атанды. Жүлделі орынға ие болған командалар «Южный Казахстан» газетінің бағалы сыйлықтарымен, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының кубогімен марапатталды.

2 3 4