ОҚО-да атыраулық жартастан түсе алмай сонда түнеді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО тауларында Атырау тұрғыны адасып кетіп, тәулік бойы тауда болған.

ОҚО-да атыраулық жартастан түсе алмай сонда түнеді

ОҚО ТЖД құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишениннің хабарлауынша,  таңғы уақытта 1956 жылы туған ер адам тауға серуендеуге кеткен және қайтып орала алмаған. «Біркөлік» санаторийінде демалып жүргендіктен, мекеме қызметкерлері дабыл қағып, құтқарушыны шақырған. Қоңыраудан соң 2,5 сағатта Шымкенттен 4 адамнан құралған команда жетті. Сл сәтте іздестіру жұмыстары басталып кетті.

Екі сағаттан кейін 40 метр биіктіктегі жартастан Атырау облысы тұрғыны табылды. Бірақ, күн ұясына кіріп, қараңғы түсіп кеткендіктен адамды төменге түсіру өте қауіпті болды. Сондықтан құтқарушылар таңның атқанын күтті. Өздері ұялы байланыс арқылы ер адамның жағдайын біліп отырды. Құтқарушылар үнемі оның көңіл-күйін сұрап, өз бетімен таудан түспеуін сұрады. Таңғы алтыда альпинистік жарақтардың көмегімен ер адамды таудан төмен түсірді. Құтқару операциясы шамамен 10 сағатқа созылды. Ер адам санаторийге жеткізілді.

null