ОҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақастан облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

ОҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«10 тамызда күннің екінші жартысында Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күркіреп, бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Күндіз кей жерлерде +41 қатты ыстық сақталып, оңтүстік батыстан секундына 1520, екпіні 23-28 метр желдің күшеюі күтіледі», - делінген хабарламада.