ОҚО-да аудандағы орталық стадион қайта жаңғыртылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылындағы орталық стадион пайдалануға берілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

ОҚО-да аудандағы орталық стадион қайта жаңғыртылды

Салтанатты түрде ашылған орталық футбол стадионының ашылуына аудан әкімі Мақсат Исаев, ардагер спортшылар, аудан тұрғындары қатысты. Құттықтау сөз сөйлген аудан басшысы «Орталық стадионда алдағы уақытта түрлі спорттық әрі мәдени шаралар өткізетін боламыз. Ауыл тұрғындары спортпен айналысып, Елбасы Жолдауындағы бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстар жандана түседі», - деп атап өтті. Сондай-ақ, ардагер спортшы Т. Батыров құттықтау сөз сөйлеп: «Созақ спортының соңғы жылдарда өсіп өркендеп, үздік нәтиже көрсетіп жатқанын айта келе, мұның бәрі спорт ғимаратының соғылып жатқанымен тікелей байланысты» - деген пікір білдіріп, барша аудан тұрғындарын құттықтады.

Айта кету керек, Созақ ауданының 80 жылдығы қарсаңында салынған ауылдық стадион аудандық балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінің қарамағында. Содан түрлі спорттық жарыстар, мәдени іс шаралар өткізіліп, жөндеу көрмегеніне де біраз болған еді.

Қазақстан Респбуликасы «Жол картасы 2020 бағдарламасы» аясында салынып, еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында беріліп отыр. Күрделі жөндеу жұмыстары нәтижесінде стадионға жасанды алаңша төселіп, заман талабына сай жабдықталды.