ОҚО-да аудандық ауруханалар мен емханалар біріктіріліп жатыр
«Бүгінгі күнге дейін біздің облыста ғана емханалар мен ауруханалар бөлек мекеме болып келген. Соның арқасында екі мекеме бір аумақта тұрғанымен бір-біріне жалға алу құнын төлеп келген. Басшылығы бір-біріне бағынбаған. Ал, осы мекемелерді біріктіру арқылы бізде медициналық кадр жетіспеушілігі мәселесі шешілді. Сондай-ақ медициналық құрал жабдықтардың жетіспеушілігі проблемасы да шешіліп отыр»,-дейді Мұқан Егізбаев.
Мұқан Кеңесбекұлының айтуынша, биылғы жылы өңірдегі көз аурулар ауруханасы мен эндокренологиялық диспансер Облыстық клникалық ауруханасына қосылып отыр. Осылайша маман тапшылығы немесе басқа да мәселелерді шешу қарастырылған.
«Облыста шаруашылық жүргізу құқығына 70 медициналық ұйым өткізіліп, өңір республика бойынша 3-ші орынға тұрақтаған. Тағы 23 ұйымда бақылау кеңесі құрылды. Медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6,2 млрд. теңге бағытталып, жарақталу көрсеткіші 65,1%-ға жеткізілді. Медицина ұйымдарын компьютермен қамтамасыз етуге биыл 1,9 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа компьютерлердің 7582 бірлігі алынып, 100% қамтылатын болады»,-дейді Мұқан Егізбаев.