ОҚО-да әуе шарларының фестивалі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында халықаралық «Ашық аспан» әуе шарларының фестивалі өтті. «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» мерекесі аясында ұйымдастырылған шараға елімізден бөлек Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркияның спортшылары қатысты.

ОҚО-да әуе шарларының фестивалі өтті

null
Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

null
Онда фестиваль қатысушылары әуе шарларын көкте қалықтатып, көрермен көзайымына айналды. Сондай-ақ, тәжірибелі спортшылар әуе шарларын басқару бойынша шеберлік сабағын өткізді.

null
Жиын барысында қалықтаған 15 аэростатпен көкке көтерілу бақыты Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарына да бұйырды. Фестиваль еліміздің эстрада жұлдызы Ғалымжан Молданазардың концертік бағдарламасына ұласты.

null