ОҚО-да айыппұлдан жалтарып жүрген жүргізушілерге қарсы рейд басталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті полиция қызметі Әкімшілік полиция басқармасымен және сот орындаушылармен бірлесіп, рейд өткізуде. 
None
None

Тәртіп сақшылары шара арқылы салық төлемінен және өзге де айыппұлдан жалтарып жүрген 260 автокөлік иелерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Рейд барысында полицейлер «Автоураган» жылжымалы кешенін пайдалануда. Онда әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша айыппұлдан жалтарып жүрген көлік иелерінің тізімі бар. Осы кешендегі арнайы камераның көмегімен жол бойында айыппұл төлемеген жүргізушілердің көлігін мемлекеттік белгілері арқылы анықтауға болады. Осылайша, айыппұлдан жалтарып жүргендердің темір тұлпарлары арнайы автотұраққа жеткізілуде.

Көліктер айыппұлдар төленіп, сот орындаушылардың шектеулерді алып тастау туралы қаулысынан  кейін иелеріне қайтарылады.

Соңғы жаңалықтар