ОҚО-да «бала болашаққа - ана тілімен» облыстық байқау өтті

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Астана күні мерекесіне орай, облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен бұл байқауға 6-4 жас аралығындағы мектепке дейінгі мекемелердің бүлдіршіндері қатысты.
Бұл шара мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, оны жан-жақты оқып үйренуге және қолдануға, қазақстандық патриотизм ұғымын терең түсіну мақсатында өткізіліп отыр.
Конкурста қатысушылар білімділігіне, тапқырлығына, белсенділігіне, киім үлгісіне, шығарманың күрделілігі мен көркемділігіне баса назар аударылды.
Бүлдіршіндер «Өз-өзін таныстыру», «Мақал-мәтелдер даналыққа бастайды», «Өнерліге өріс кең» атты үш аталым бойынша бақ сынасты.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Шымкент қаласы № 46 «Ақбөпе» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушісі Ұлбосын Мақсатқызы иеленді.
Барлық байқауға қатысушы үміткерлер Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.