ОҚО-да басталған каратэ-до сайысынан ел біріншілігінде 400-ге жуық спортшы бақ сынасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының Жоғары спорт шеберлігі мектебінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған каратэ-до шотакан спортынан еліміздің ашық біріншілігі басталды, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспсөз қызметінен.
None
None

Жарыстың ашылу салтанатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байрақты бәсекеде үш жас ерекшелігі бойынша ересектер, жастар, жасөспірімдер арасында 13 облыстан және Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінен барлығы 394 спортшы бақ сынаспақ.

Қазақстандық саңлақтардың ендігі басты мақсаты - Бразилия Олимпиадасына өту. Осы орайда, қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысының 8 спортшысы жолдаманы жеңіп алды.

Айта кетейік, каратэ-до шотакан - 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енуге үміткер 5 спорт түрінің бірі.

Соңғы жаңалықтар