ОҚО-да бензин тасымалдайтын көлік аударылды
АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында, «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 706-шы шақырымында 16 тамыз күні сағат 17:45-те «КамАЗ» бензин тасымалдайтын көлігі аударылып қалды.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оның салдарынан 150 шаршы метр аумаққа шамамен 12 тоннадай дизель отыны төгілді.
Көліктің жүргізушісі мен оның жолаушылары ауруханаға жеткізілді.
ТЖ-ды жоюға ҚР ТЖД-нің өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамының 10 қызметкері мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды.