ОҚО-да бір электрик тоқ соғып, оқиға орнында көз жұмды, екіншісі - ауруханаға жатқызылды
АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Әл-Фараби ауданында «Меланж» АҚ фабрикасында электрмонтаждау жұмысын жүргізу кезінде 53 жастағы электрик электр тоғы соғып, оқиға орнында көз жұмды, 59 жастағы бас энергетик күйік шалып, ауруханаға жатқызылды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.