ОҚО-да дәретхана шұңқырынан телефонды алып шықпақ болған екі жасөспірім мен ер адам тұншығып өлді

АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында дәретхана шұңқырынан телефонды алып шықпақшы болған екі жасөспірім мен ер адам тұншығып өлді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

ОҚО-да дәретхана шұңқырынан телефонды алып шықпақ болған екі жасөспірім мен ер адам тұншығып өлді

Оқиға жексенбі, 24 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласының Қапланбек шағынауданында орналасқан жекеменшік тұрғын үйде болды.

Дәретхана шұңқырына түсіп кеткен ұялы телефонды алу үшін орға түскен 13 жасар екі бала мен 1963 жылы туған ер адам одан шыға алмай қалған. Таза ауаның жетіспеуінен үшеуі де сол орында көз жұмды.