ОҚО-да дәстүрлі әндердің байқауы өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Дәстүрлі және ғұрыптық ән» байқауы болып өтті. Күнгейде алғаш рет ұйымдастырылған өнер сайысына 9 ауданнан келген өнерпаздар қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай ұйымдастырылған ерекше байқауды облыстық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұйымдастырды. Онда өнер ұжымдары қазақ өміріндегі елеулі ғұрыптық жөн-жоралғылардан шынайы көріністер қойып, көрерменнің көңілінен шықты. Үміткерлер ұмыт болған ән-жырларды жаңғыртып, тақырыбына сай салт-дәстүрмен сабақтастырды. Қазақтың сыңсу, жар-жар, бесікке салу, тойбастар сияқты ғұрыптары егжей-тегжейлі дәріптелді. Олардың заман ағымымен ұмытылған тұстары жаңғыртылды.
null 
null 
null 

Байқау нәтижесінде Бәйдібек ауданы мәдениет ұжымы бас жүлдені, Төлеби ауданының өнерпаздары бірінші орынды иеленді. Ал, Түркістан қаласы екінші орынға, Түлкібас ауданы үшінші орынға ие болды. Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге атсалысқан мәдениет ұжымдары мен жеке тұлғаларға орталық тарапынан арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
null 

Соңғы жаңалықтар