ОҚО-да дүкендерден киім-кешек ұрлайтындар ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында дүкендерден киім мен аяқ киімдер ұрлап жүрген екі күдікті ұсталды. Тергеу барысында сезіктілердің 6 ұрлық дерегіне қатысы бар екендігі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Күдіктілер Төлеби аудандық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қолға түскен. Леңгір қаласының 1989 және 1999 жылы туған тұрғындары шағын шаһардағы  сауда орталығында ұрлықпен айналысып жүргені белгілі болды.  Полицейлердің мәліметінше, күдіктілер қылмыстарын түнгі уақытта қалалық автовокзалдың маңындағы сауда орталығында жасаған. Ондағы дүкендерге кіріп,  әртүрлі аяқ киімдерді ұрлап кеткен. Қазіргі таңда ұсталған екеудің жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі жарты миллион теңгені құрап отыр. Тәртіп сақшылары қолға түскендерге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде. 

null 

Соңғы жаңалықтар