ОҚО-да егін ору науқаны басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы елімізде алғаш боп егін ору науқанын бастап жіберді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

ОҚО-да егін ору науқаны басталды

Қазығұрт ауданындағы «Айқожа» өндірістік коооперативіне қарасты егістік алқабына комбайндар түсіп, бидайдың алғашқы өнімі қамбаға жөнелтілді. Егіс ору науқанының куәгері болған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аудан басшылығына алдағы жылдары арпа, бидай егіс көлемін арттырып, оны экспорттау мен тұқымдық сапасын жақсарту мәселесіне назар аударуды жүктеді.

null

«Өкінішке орай, облысымызда тұқымдық сорттардың зерттеліп, саралануы жоғары дәрежеде емес. Сондықтан шаруалар шамалары келгенше жергілікті сорттарды пайдаланып келеді. Осыған байланысты қазір ақ егіс тұқымдарының сапасын реттеу үшін арнайы бағдарлама әзірлеп жатырмыз. Себебі, егін егуде тұқымның сапалы болуы өте маңызды»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.

null

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 218 мың гектар бидай егілген. Одан 401 мың тонна астық жиналады деген жоспар бар. Мәселен, бір ғана Қазығұрт ауданында 38 мың гектар алқапқа арпа-бидай егіліпті. Диқандар гектарына 25,4 центнерден өнім жинаймыз деп ниеттеніп отыр.

«Бүгінде біздің кооперативте жер көлемі 12 700 гектарға жетіп отыр. Оның 6 700 гектары тәлімді, 1 000 гектары шабындық, қалғаны ауыспалы егіске жатады. Өткен жылы 1050 гектар бидай алқабынан 24 центнерден қамбаға 2 520 тонна астық жинадық»,- дейді «Айқожа» өндірістік коооперативі төрағасының орынбасары Саян Батырбаев.

null

Қазіргі таңда мұнда орақ науқанында 30-ға жуық адам еңбек етіп жатыр. Жұмысшылардың орташа жалақысы 60 мың теңгеден жоғары. Кооперативте егін ору науқанына техника толығымен жеткілікті. Жалпы биылдың өзінде қазығұрттық астық егумен айналысатын қожалықтар 32 жаңа техника алды. 

null