ОҚО-да екі бүлдіршін суға батып кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында өткен аптада екі бүлдіршін суға батып кетті. Қайғылы жағдай Түлкібас  пен Сарыағаш ауданында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОҚО-да екі бүлдіршін суға батып кетті

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Түлкібас ауданына қарасты Жаскешу ауылында 29 мамыр күні ойын баласы ата-анасының назарынан тыс қалған. Сөйтіп байқаусызда ауыл маңындағы арыққа түсіп кеткен. Оны көре салып, ата-анасы мен көршілері құтқаруға тырысады. Алайда ағыстың қаттылығынан бүлдіршін біраз жерге ағып кеткен. Тек келесі күні 17.15-тер  шамасында тұрғындар баланың денесін судан шығарып алды.

Екінші жағдай осы жексенбі күні Сарыағаш ауданының Бесқұбыр ауылында орын алды. Онда да 4 жасар бүлдіршін күндізгі сағат 13.30-дар шамасында «Қият» каналына түсіп кеткен. Баланың денесі жарты сағаттан аса уақыттан соң табылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 19 адам судан ажал құшты. Өкінішке орай, оның 17-сі жас бала болып отыр. 

Фото: endlesswaves.net