ОҚО-да ерекше форма киген тәртіп сақшылары пайда болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында сақшыларының қатары 200-ге көбейді. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма қолға алған жоба бойынша еріктілерге «полиция көмекшісі» деген сертификат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

ОҚО-да ерекше форма киген тәртіп сақшылары пайда болды

Тамыздың 5-і мен 9-ы аралығында Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының базасында өткен оқыту семинарына облыстың барлық аудан-қалаларынан 500-ге тарта ерікті жас тартылған болатын. Енді Отанына адал қызмет етуге ант беріп, патриоттық рухын шыңдаған жастар полиция қатарына қосылады. Қоғамдық тәртіпті сақтап,  көмек беретін болады. Олардың 200-і «үздік полиция көмекшісі» деп танылды. Алдағы уақытта тағы 300 жасқа осындай мүмкіндік берілмек.