ОҚО-да еріген қар мен жаңбыр сулары тасқыны күтілуде, өзендердің арналарынан шығып, су басу жағдайлары болуы мүмкін - 3 наурызға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - 3 наурыз күні Қазақстан аумағының көптеген бөлігі антициклон тарамында болады, республиканың батысы мен оңтүстігінде циклон өз әсерін сақтап қалып, мұндағы кейбір жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтілуде, деп хабарлайды ТЖМ-нің баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.
None
None

Оңтүстік Қазақстан облысында желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі, жел екпінінің 25 метрге дейін жетуі күтіледі, түнде кейбір жерлерде тұман түседі.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ, желдің секундына 15-22 метрге дейін күшеюі күтілуде.

Ақтөбе облысында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, түнде желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіледі.

Күндіз Қостанай облысының кейбір жерлерінде жаяу бұрқасын, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіледі.

Қарағанды облысының кейбір жерлерінде желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі, түнде тұман түседі деп күтілуде.

Ақмола, Алматы, Қызылорда, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде тұман болады.

3-5 наурыз аралығында күтіліп отырған жаңбырлар, кейбір жерлерде күшті жаңбырларға байланысты Оңтүстік Қазақстан облысындағы төменгі таулы аймақтар өзендерінде еріген қар мен жаңбыр суының тасқыны күтілуде, өзендердің арналарынан шығып, су басу жағдайлары болуы мүмкін. Таяудағы үш тәулікте Сырдария өзенінде (Қызылорда облысының оңтүстігінде), Жамбыл және Алматы облыстарындағы төменгі таулы аймақтардың жекелеген өзендерінде мұз құбылыстарының әлсіреуі бақыланады. 3-5 наурыз күндері Шардара су қоймасына секундына 1400-1450 текше метр көлемінде су келіп түседі. Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген өзендерінде су деңгейлерінің ауытқулары байқалады.

Соңғы жаңалықтар