ОҚО-да этномәдени бірлестіктер жарысқа түсті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы жеңіл атлетикалық спорт кешенінде этномәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстағы этномәдени бірлестіктердің және облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерінен құрылған командалар кіші футбол, шахмат, үстел теннисі, қашықтыққа жүгіру, арқан тарту секілді спорт түрлерінен өзара сынға түсті.  Осымен 10-шы рет өтіп жатқан шараның ашылу салтанатына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Өңірдегі этностардың достығын, берекелі бірлігін одан әрі нығайтуда мұндай шаралардың маңызы зор екендігіне тоқталды. Аса тартысты өткен сайыс нәтижесінде бас жүлдені облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жеңіп алды. Ал, бірінші орынға облыстық славян этномәдени бірлестігі ие болды.

Сонымен қатар екінші орын шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің, үшінші орын ұйғыр этномәдени бірлестігінің атынан қатысқан командаға бұйырды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай сыйлыққа ие болды.

Соңғы жаңалықтар