ОҚО-да газ құралдарын дұрыс пайдаланбаудан 14 адам ажал құшты
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан газ құралдарын дұрыс пайдаланбау салдарынан тұтанған өрттен 155 адам зардап шегіп, 14 - ажал құшты. Аймақ бойынша барлығы 65 оқиға тіркелді, хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары қазір өңірде төтенше жағдайлар мен қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін халықтың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Олар көгілдір отынды тұтынушыларға тұрмыстық газды тұтыну кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салуда. Сонгдай-ақ газды тұрмыста қолдану ережелерін бұзған тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын ескертуде.