ОҚО-да хакерлік марафон өтеді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Хакатон» хакерлік марафоны өтеді. Маусым айының 19-20 аралығында өтетін шараға IT-саласының түрлі деңгейдегі мамандары қатысатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.  

ОҚО-да хакерлік марафон өтеді

Жалпы марафон Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы мен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының халық пен бизнестің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін, ақпаратпен алмасуды тездету аясында ұйымдастырылмақшы.

Сол арқылы барша ақпараттық технологиялар саласы бойынша мамандық иелері мен өзіне сенімді, талапшыл, өзгеше ойлау қабілетінің талант иелеріне Хакатонға қатысуға мол мүмкіндік туып отыр.

Талант иелеріне берілер жүлде қоры да қомақты.  Бірінші орынға - 1 миллион теңге, екінші орынға 500 мың теңге, үшінші орынға 250 мың теңге сыйлықтар беріледі.  Барлық қатысушылар назардан тыс қалмай, арнайы сыйлықтармен марапатталмақ. Ең жақсы, тың идеялы жобаларға сарапшылар гранттар беру бойынша мүмкіндік қарастыратын болады. Шараны ұйымдастырушылар  қатысуға ниет білдіргендер on-startup.kz   сілтемесі арқылы тіркеле алатынын мәлім етті.