ОҚО-да қар басқан күре жолда қалып қойған 5 адам құтқарылды

ШЫМКЕНТ. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД-нің қызметкерлері Бәйдібек ауданында қар басқан күре жолдан екі көлікпен 5 адамды құтқарды, деп хабарлады ОҚО бойынша ТЖД-нің баспасөз хатшысы Арман Әсібеков.

ОҚО-да қар басқан күре жолда қалып қойған 5 адам құтқарылды

«Адамдар Шаян-Жамбыл күре жолының қар басқан учаскесінде тұрып қалған. 15 минуттың ішінде оларға Бәйдібек ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің 4 қызметкері жетіп, техниканың көмегімен адамдарды қар құрсауынан құтқарды», - деді баспасөз хатшысы.

Бұл Бәйдібек ауданында қыста болып тұрған бірінші оқиға емес.

Осындай жағдайда жедел шараларды қабылдау үшін қауіпті жолдарда көмек көрсету қосыны мен  жылыту қосыны жұмыс істейді, олар байланыс құрылғыларымен және қажетті техникамен қамтамасыз етілген.