ОҚО-да «Қасірет» мемориалының жанында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстікқазақстандықтар «Қасірет» мемориалының жанында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды, қаралы жиынға қуғын-сүргін құрбандарының туыстары жиналып, гүл шоқтарын қойды.
None
None

«Менің атам осы жерде атылған», - деді Шымкент тұрғыны Н. Нұрметова. - Ол небары 40 жаста еді».

1935-1938 жылдары 135 мың қазақстандық қуғын-сүргін құрбаны болды. олардың 25-мыңы атылды. Сталин лагерлеріне 5 млн адам жер аударылды. Олардың 7 мыңы ОҚО тұрғындары, 2,5 мың адам халық жауы деп атылды.

«Мұражайдың мәрмәр тақтасында атам Мұстафа Сағындықовтың есімі жазылған. Ол 1937 жылы атылды. Атамның Шымкент маңында атылғанын 1992 жылы бір-ақ білдік. Жауап алған хаттамасын көрсетті, жылда осы жерге келемін», - деді З. Сағындықова.

Облыс әкімі Б. Атамқұлов та мемориалға гүл шоқтарын қойды. Орыс драма театрында «Тарих трагедиясы» деректі фильмі көрсетілді. Саяси қуғын-сүргін кезіндегі ауыр күндер көз алдымыздан елес бергендей болды. әкімдік баспасөз қызметінің деректеріне сәйке ОҚО-ға 507 қарашай, шешен, 180 мың қырым татары, 110 мың поляктар жер аударылып келді.

2 3 4

Соңғы жаңалықтар