ОҚО-да көлік апатынан екі адам қаза тапты
АСТАНА. Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат - Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының Жаңа тұрмыс елді мекенінде орын алған көлік апатынан екі адам, соның ішінде екі жасар сәби көз жұмды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Апат кеше сейсенбі күні болған. «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі көлікке ие бола алмай жолдан шығып кетіп, аударылған.