ОҚО-да Конституция күніне орай күштік құрылымдар арасында жарыс өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Конституция күніне орай құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдар арасында турнир өтті. Облыс әкімінің кубогы үшін ұйымдастырылған жарыста қатысушылар волейбол және шағын футболдан сайысқа түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Қажымұқан» орталық стадионында өткен жарысқа оңтүстіктің ішкі істер органдары, арнайы ұйымдар және күштік құрылымдардан құрылған 24 команда қатысты. Турнирді салтанатты түрде ОҚО ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі Жанат Сулейменов ашып, аталған іс-шараның елдің тыныштығын күзетіп жүрген қызметкерлердің спорттық дәрежесін көтеру мен олардың саламатты өмір салтын ұстануы мақсатында ұйымдастырылып жатқанын атап өтті.

null
Екі күндік спорттық жарыс нәтижесі бойынша волейболдан бірінші орынды ҰҚК-нің ОҚО бойынша департаментінің командасы алса, екінші орынды ОҚО ІІД-нің командасы, үшінші орын облыстық Сотының командасы иеленді.
null

Ал, шағын футболдан Облыстық ішкі істер департаментінің командасы үздік деп танылды. Екінші орынды ҰҚК-нің ОҚО бойынша департаментінің командасы, үшінші орынды Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің командасы иеленді.

Соңғы жаңалықтар