ОҚО-да көп тілді білім беру мәселелері талқылануда
ШЫМКЕНТ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Бүгін Шымкентте «Көп тілді білім беру арқылы әлеуметтік бірігуді нығайту» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оған ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ЕҚЫҰ, жергілікті билік өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Розақұл Халмурадов, Қазақстан мен Қырғызстан педагогтары қатысты.Республикада 90 мыңнан астам оқушыларды қамтитын, өзбек тілінде оқытатын 83 мектеп, 70-ке жуық аралас мектептер жұмыс істейді. «Олар үшін негізгі проблема сапасыз білім деңгейі болып отыр, ? бұл ретте біздердің ұстаздарымыз табыстарға жетті. Бірақ ҰБТ тапсыру және оқуға түсу, сондай-ақ одан әрі жоғары оқу орнында оқу мәселелері алаңдатады», ? деді Р.Халмурадов.Осы проблеманы шешу үшін облыстық білім басқармасының және ЕҚЫҰ аз ұлттар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының қолдауымен «Диалог» үкіметтік емес ұйымы 2003 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзбек мектептерінің түлектері үшін ілкі жобаны іске асырады. Оның мақсаты ? барлық мамандықтар бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін қажетті көлемде қазақ және орыс тілдерінде білімдерді меңгеру. Бұл жылдар ішінде түлектердің жоғары оқу орындарына түсу көрсеткіштері айтарлықтай өсті.Көп тілді білім беру пәндер бойынша оқыту құралы ретінде екінші тілді пайдалануды көздейді. Ертең конференцияға қатысушылар Сайрам ауданындағы №1 мектеп-гимназияда болады.