ОҚО-да «Көршіге ізет» күні аясында түрлі ұлттың өкілдері бас қосты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Көршіге ізет» аясында түрлі ұлт өкілдерінің басқосуы өтті. «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырған жиынға өңірдегі этномәдени бірлестіктердің, Қоғамдық келісім мен Аналар кеңестерінің мүшелері, ғылыми-сарапшылық топтың өкілдері және өңірдегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедраларының оқытушылары қатысты, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алғыс айту күніне орай қолға алынған онкүндік аясында ұйымдастырылған жиында  көршілер арасындағы өзара құрмет пен сыйластықты жаңа сатыға көтеру мәселесі сөз болды.  Шымкент қаласы орталық мешітінің наиб имамы Нұржан Қасымбек пен еңбек ардагері, сондай-ақ түрлі бірлестік басшылары маңызды шара жайында  сөз сөйлеп, ой-пікірлерін ортаға салды. Бүгінде қаладағы көршілердің амандасудан ал, ауылдағы көршілердің араласудан қалғанын айрықша айтты.
null 

«Биыл Алғыс айту күні облыста ерекше аталып өтуде.  20 ақпан мен 1 наурыз аралығындағы әр күнге елді берекелі бірлік пен ырысты ынтымаққа үндейтін атаулар беріліп, соның аясында жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Ал, «Көршіге ізет» күні деп белгілеудің астарында үлкен мән бар. Тарих түбіне тереңдесек, ата-бабамыздың құдай қосқан көршісімен әрдайым тату тұрғанын аңғарамыз. «Көрші ақысы - Тәңір ақысы», «Туыс - атадан, көрші - Алладан» дейтін қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер босқа айтылмаса керек»,- деді өңірдегі «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ербол Байқонақов.
null 

Айта кетейік,  «Көршіге ізет» күні аясында осы мазмұндас жиындар  облыс аумағындағы барлық аудан, қала орталықтарында өтті.

null 

Соңғы жаңалықтар