12:22, 28 Желтоқсан 2017 | GMT +5
ОҚО-да қорықшылар браконьерлікпен айналысқан
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында заңсыз аң аулаған браконьерлер ұсталды. Тексеру барысында олардың жабайы аңдар мен кекілік құсын атып алғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кентау қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері «Газ» жүк автокөлігін тоқтатқан. Ондағы үш адамды браконьерлікке қатысы бар деген күдікпен ұстады. Олар мемлекеттік табиғи қорығы мекемесінде жұмыс істейтін болып шықты. Автокөлікті тінту барысында 4 қапта өлі жабайы аңдар мен 6 кекілік құсы, аңшы мылтығы мен оқ-дәрілер, рация мен басқа да аң аулауға қажетті заттарды тәркіленді. Тәртіп сақшылар күдіктілерді Кентай қаласының ІІБ-не жеткізді.
Қазіргі таңда полицейлер аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 337-бабы 1-тармағы «Заңсыз аң аулау» бойынша іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.