ОҚО-да күйік жарақаттарымен екі ер адам мен әйел ауруханаға жеткізілді - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - ОҚО-да 3 адам күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

ОҚО-да күйік жарақаттарымен екі ер адам мен әйел ауруханаға жеткізілді - ҚР ТЖМ

Дүйсенбі, 16 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Арысты ауылында тұрмыстық баллоннан (50 келі) газдың шығуынан газ-әуе қоспасының жарылысы болды. Нәтижесінде 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел күйік белгілерімен ауруханаға жеткізілді.

Сол күні Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Керегетас ауылында жекеменшік тұрғын үйдің шатыры өртенді. Жалын шарпыған аумақ 120 шаршы метрді құрады. Нәтижесінде 34 жастағы ер адам жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.