ОҚО-да қырыққабат егіле бастады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында қырыққабат дақылын егу науқаны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Қазірдің өзінде егістік алқаптарында 50-ден астам бригада құрылып, мыңдаған адам  жұмысқа тартылған. 

Ақпанның басы қатты болып, егінді 1-2 аптаға кеш бастаған «Әбсаттар ата» шаруа қожалығының басшысы Фазылбек Жарқынбеков мамырға жетпей өнім алуды көздеп отыр.

null 

«Жылыжайда 150 мың түп қырықабаттың көшетін дайындап, 30 адамнан құралған бригадамен көшет отырғызуды бастадық. Жұмысшыларға күнделікті еңбек ақысын төлеудеміз. Негізінен  дақыл 2 айдың көлемінде пісіп, жетіледі. Сондай-ақ, 90 күнде жетілетін сұрпын да ектік. Егілген көшеттің үстін жапқышпен жауып, жауын-шашыннан қорғаймыз. Ең бастысы - күтіп-баптауға үлкен мән берілуі керек»,  - дейді Ф.Жарқынбеков.

null 

Мақтаралдық диқандар салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттың нидерландық пандион сұрпын егуде. Ерте пісетін өнім түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс көп. 

null  

Жалпы, қырыққабат дақылы ерте пісетіндіктен, мақтаралдық диқандар оның артынан қауын-қарбыз егуге кіріседі. Осылайша өңірдегі шаруалар 1 жылда екі рет өнім алады. Былтырғы жылы сәуір айында  алғашқы өнімін алған мақтаралдық диқандар республиканың бірнеше облысын және Ресейді қырыққабатпен қамтамасыз еткен болатын.

null  

Айта кетейік, Мақтарал ауданында былтыр 3 877 гектарға көкөніс егіліп, орташа 231,3 центнерден  89 689 тонна өнім жиналған. Ал, оның 50 мың тоннадан астамы қырыққабат өнімі болатын. 

null 

Соңғы жаңалықтар