ОҚО-да қырым қанды безгегі деген күмәнмен жатқызылған ер адам ауруханадан шықты
АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында қырым қанды безгегі деген күмәнмен жатқызылған ер адам ауруханадан шықты,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Шілденің 21-інде, Түркістан қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына 42 жасар ер адам конго-қырым геморрагиялық безгегі деген күмәнмен жатқызылған болатын. Індет ошағында эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.
Шілденің 28-індегі жағдайы бойынша денсаулығы қанағаттандырарлық деп танылған азамат ауруханадан шықты.