09:36, 14 Мамыр 2018 | GMT +5
ОҚО-да қыз алып қашып, әлеуметтік желіні шулатқандар табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында қыз алып қашып, әлеуметтік желіде танымал болған видео кейіпкерлерінің тұлғасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жуырда БАҚ-та және әлеуметтік желіде қырыққабат сатумен айналысатын қызды алып қашқан сәт түсірілген видео тарап кетті. Оқиға ОҚО-да болған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ролик кейіпкерлерінің тұлғасын анықтады. Олардың барлығы ОҚО тұрғындары. Қыз да, оның туыстары да ешкімге кінә артып отырған жоқ. Қазіргі кезде қыз тұрмысқа шыққан», - дейді ведомство өкілдері.
Енді қыздың туыстары сол видеороликті желіге таратқандарды сотқа бермек.