ОҚО-да мақта теруге барған жасөспірім тұншығып өлді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында мақта теруге барған жасөспірім тұншығып қалды. Қайғылы оқиға Ордабасы ауданының  Төрткүл елді мекенінде болған. Бұл туралы облыстық ТЖД мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОҚО-да мақта теруге барған жасөспірім тұншығып өлді

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 жастағы жасөспірім  10 қазан күні егіс алқабына мақта теруге барған. Жұмыстың арасында ол тіркемеге тиелген мақтаның үстінде ұйықтап қалыпты. Сол кезде өзге жұмысшылар баланы байқамай, өнімді комбайнмен арбаға артқан. Салдарынан бала ауа жетпей тұншығып, мақтаның ішінде көз жұмған. Қазір осы жағдай бойынша тексеру шаралары жүргізілуде.