ОҚО-да Медиация кеңесінің көшпелі отырысы өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы  жанындағы Медиация кеңесінің көшпелі отырысы өтті.  «Медиация институтын дамыту және жаңа әдістерді енгізу» тақырыбында өткен жиынға облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов пен аудандық соттың судьялары, прокуратура мен ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, аудан, ауыл әкімдіктерінің медиация саласына жауапты қызметкерлері де арнайы шақырылды. Басқосуда сөз алған облыстық «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы медиация кабинетінің меңгерушісі Хасан Бациев өңірімізде медиация желісін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

null 

«Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында медиация желісін дамытуды ассамблеяға жүктеген болатын. Бұл бағытта Оңтүстік Қазақстан облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінде ашылған медиация кабинетінде 600-ге жуық азаматқа құқықтық көмек көрсетілді. Облыстағы 4 медиация орталығымен әріптестік байланыс орнатып, өңірде қызмет атқаратын 44 кәсіби, 546 кәсіби емес медиаторлардың дерекқоры түзілді. Өңірдегі медиаторлардың ықпалымен былтырғы жылы 4 мыңнан астам іс бойынша тараптар ортақ мәмілеге келсе, биылғы жылдың 8 айында 3207 іс сотқа дейінгі тәртіппен шешілді», - деді Хасан Бациев.

null 

Кеңесте Сарыағаш аудандық сотының судьясы мен «Медиация және құқық» орталығының басшысы, кәсбіи медиатор Эльмира Есимбетова, сондай-ақ кәсіби емес медиатор Жахан Бейсенбеков пен Дербісек ауылдық округінің әкімі сөз сөйледі. Жиынға қатысушылар дауласушы тараптарды бітімгершілікке бастайтын медиация институтын дамыту жайлы ой-пікірлерін ортаға салды.  Облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов кеңесті қорытындылап, отырыста айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы ескерілетінін атап өтті.

null 

Соңғы жаңалықтар