ОҚО-да Наурыз мейрамы аясында жас келіндер байқауы өтті

  ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда Наурыз мейрамы аясында жас келіндер байқауы өтті. Ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін сайыс бесік жырын насихаттауға бағытталды. Игі шараны облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған шараға аудан, қалалардан келген 14 жас келін қатысты. Олар 4 кезең бойынша сынға түсіп, ұмыт қалып бара жатқан бесік жырын орындады. Байқаудың шарты бойынша келіндер салт-дәстүрге қатысты сауалдарға жауап беріп, өз өнерлерін көрсетті. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл шара жанұядағы ата-ене, келін, қайынсіңлі, қайын арасындағы қарым-қатынасты нығайту мен қазақ келінінің отбасындағы орнын ұғындыру мақсатында өткізіліп келеді.

null  

«Бауыржан Момышұлы кезінде «үш нәрседен қорқамын. Соның ішінде осы бесік жырын айтпайтын аналардан қорқамын» деген. Сондықтан бесік жырын әрбір ана біліп, тал бесіктен балаларын тәрбиелесе, ұрпағымыз саналы болып өседі деп ойлаймын»,- дейді облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлмира Жанысбекова.

Сайыс қортындысы бойынша қазығұрттық  Гаухар Қалмаханова бас жүлдені  жеңіп алса, «Өнерлі келін» номинациясында Алтынай Мұсағалиева марапатталды. 

null 

Соңғы жаңалықтар