ОҚО-да «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшелері марапатталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Мерейлі мереке Тәуелсіздік күніне де санаулы күндер қалды. Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының 10 мүшесі партиялық наградалармен марапатталды.
None
None

«Нұр  Отан» еліміздегі белді партиялардың бірі саналады.  Партияның  Оңтүстік Қазақстанда  110 мың  мүшесі  бар.  Ел Тәуелсіздігі  мерекесі қарсаңында өз ісімен көзге түскен  2 азамат  «Белсенді қызметі үшін»  омырау белгісімен, 1  азамат «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен және 7 белсенді  «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.  Салтанатты жиында   «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Калыйма Жантөреева сөз сөйлеп,  марапат иелеріне  жұмыста табыс тіледі. «Нұр Отан» партиясы Шардара аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мырзабай Нұрманов айтулы мерекеде еленіп, марапатталып жатқанына қуанышты екенін жеткізіп, алдағы уақытта да жемісті жұмыстарды жалғастыра беретінін айтты. Айта кетейік, биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойы. Осыған орай, елге елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталып, еткен еңбектерінің жемісін көруде. Еліміздегі барлық саланың майталман мамандары қошеметке бөленуді. 

Соңғы жаңалықтар