ОҚО-да «Нұр Отан» партиясының жобасы аясында 106 ІТ-сынып ашылмақ

 ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында 6 IT-сынып ашылды. «Нұр Отан» партиялық жобасы аясында ашылған сыныптарда балалар білімдерін жетілдіретін болады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОҚО-да «Нұр Отан» партиясының жобасы аясында 106 ІТ-сынып ашылмақ

Бұл сыныптар заманауи 74 моноблокпен, жоғары жылдамдықтағы интернетпен, қажетті веб-бағдарлама мен 1 3D принтермен, 2 мультимедиялық подиуммен және қажетті жиһаздармен жабдықталған. Жобаны жүзеге асыру барысында 2018 жылы - 4 500 бала, 2019 жылы - 9000 бала, 2020 жылы - 9000 бала ІТ саласы бойынша үйренетін болады. Бұдан бөлек, өңірде «ІТ мамандарын дайындау» партиялық жобасын жүзеге асыру бойынша жыл аяғына дейін 2 ІТ орталық ашу көзделуде.
null

Аталған сыныптардың  ашылуына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев олардың әлеуетіне назар аударды. Сонымен қатар, әкім «Нұр Отан» партиясының  жобасы қалада, ауылдарда тұратын балаларды IТ-білімге баулу үшін жүргізіліп жатқанын айтып, жаңғырудың жаңа кезеңіне аяқ басқан жоба тың бастама екенін жеткізді. «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобаларын өңірде жүзеге асыру мақсатында арнайы желілік кесте дайындалып, ол аймақ басшысымен бекітілген болатын. Кестеге сәйкес облыста 2020 жылға дейін 106  ІТ-сынып ашылып, оларды 100 пайыз материалдық техникалық базамен жабдықтау жоспарланған. Ал осы жылы оның 26-сы іске асырылмақ.
null

Айта кетейік, қазіргі таңда аталған жоба шеңберінде IT-орталық М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында ашылды. Орталық заманауи 16 компьютермен, жоғары жылдамдықтағы интернетпен және қажетті веб-бағдарламалармен жабдықталған.
null

Енді,  «Қазақстан кітапханалары - заманауи білім орталықтары» - партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында жыл соңына дейін 15 каворкинг орталықтарын ашу жоспарлануда. Бұдан басқа 233 дана мерзімді басылымдар мен 900 дана  авторефераттарды цифрландыру көзделуде. Партиялық жобаның бірі «Үштілділікке көшу» бойынша  9 жазғы сауықтыру лагерлері мен 9 аудан, қала мектептерінде үштілділікті оқыту жоспарлануда. 

null

фото: Мырзалиев Самат