ОҚО-да өнер майталмандары мен спорт жұлдыздары 16 метрлік тумен шаһар көшелерін аралады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай "Мәңгі желбіре көк туым" мерекелік шарасы болып өтті. Өңірдің ішкі саясат басқармасы мұрындық болған шарада мыңнан аса адамның қатысуымен «25 жыл, 25 көше» мерекелік шеруі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

null

Шеруде көлемді көк туды көтерген  30 спортшы бастап жүгіріп, 20 мотобайкер, 30 велосипедші және тақырыпқа сай безендірілген екі автобусқа оңтүстік өңірдің өнер мен спорт жұлдыздары мініп, шаһар көшелерін аралады. Нақтырақ айтқанда, Бәйдібек би, Рысқұлов, Қазбек би көшелерімен жүріп өтіп «Тәуелсіздік» саябағына келіп тоқтады.  Оларды саябақта өңірдің басшылары мен қала әкімі, зиялы қауым өкілдері күтіп алды. Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null

null 

Соңғы жаңалықтар