ОҚО-да «Оңтүстік өнімі» байқауы басталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Ońtústik ónimi» байқауы басталды. Байқауды мақсаты туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Ахымбетов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты» Жолдауындағы индустрияландыру, жаңа технологияларды енгізу бағыттары аясында ұйымдастырылған шара өңірдің төл өнімдерін көрсетіп, насихаттау бағытында өтуде. Әрі бұл байқауға кез-келген әлеуметтік желі қолданушылары, журналистер мен блогерлер қатыса алады.

Бақыт Ахымбетовтың айтуынша, байқауға қатысушылар өз өтінімдерін 15 наурызға дейін [email protected] электронды поштасына жолдауы қажет. Әлеуметтік желідегі Facebook, Вконтакте, Instagram парақшаларының бірінде талапқа сәйкес облыстағы өндіріс орындары туралы жазба жариялауы керек. Сондай-ақ, сол жазылған мекеме басшылығымен суретке түсуі міндетті.

«Байқаудың бас жүлдегері 300 мың теңгені иеленсе, 1 орынға 200 мың теңге, 2 орынға 150 мың теңге, 3 орынға 100 мың теңге. Сондай-ақ, ынталандыру сыйлықтары бар. Байқаудың қорытындысы маусым айының үшінші онкүндігінде жарияланады. Бұл жобаға қатысушы өндіріс басшылығымен қысқаша сұхбат ұйымдастырып, өндіріс туралы кемінде 4 фотодан тұратын фоторепортаж және өндіріс жайлы толыққанды ақпарат беруі керек. Жалпы жазба 500 белгіден кем болмауы қажет. Әрбір қатысушы кемінде 25 жарияланым жасайды», - деді Бақыт Сəрсенбайұлы.
null 

Сонымен қатар, спикер міндетті түрде жарияланымдар Facebook әлеуметтік желісіндегі «Оңтүстіктен не хабар» тобында #Оңтүстікөнімі  хэштегімен жариялануы тиіс екенін ескертті. Мәтіндік материалды «Оңтүстік өнімі...» сөздерімен басталып, байқау атауы мен логотипі пайдаланылады.

Айта кетерлігі, байқауға екі тілде жарияланған материалдардың скриншоттарын қатысушылар 10-15 маусым аралығында тапсыруы тиіс. Ал, жеңімпаздарды анықтайтын комиссия құрамына БАҚ өкілдері мен мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері еніп отыр.

null  

Соңғы жаңалықтар