ОҚО-да өрт кезінде үш адам күйік жарақаттарын алды
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - 14 қаңтар күні түнгі сағат бірде Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы, Ошақты елді мекенінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйде өрт болды.
Тілсіз жау Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 2 техникасының күшімен бір сағатта ауыздықталды, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Өрт салдарынан 54 жастағы ер адам, 47 жастағы әйел және 13 жасар жасөспірім күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.