ОҚО-да өткен жиын: Блогер деген кім

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жас блогерлер мен әлеуметтік желі белсенділерінің басқосуы өтті. Өңірдің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға 100-ге тарта жастар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Жоспарлы басқосуда жастарға қоғам белсенділері  арнайы семинар-сабақтар өтіп, әлеуметтік желілерде ой-пікірді сауатты жеткізудің мәнісін түсіндірді. Өз кезегінде жастар ақпараттың жылдам таралатын жерінде оның шынайы болуы,  көпшіліктің назарына ілігуі мен өзгелерге  сенімін қалыптастыруға сеп болатынын білді.

«Блогер дегеннің өзі - сіз бен біздің жәй-күйімізді күйттеп, қоғамның қозғаушы күшіне айналатын адамдар ғой. Әлеуметтік желінің бүгінгі белсенді өкілі болғаныммен, мен алдағы күндері блогер ретінде парақшамды жүргізгім келеді. Қазіргі арман-мақсатым да осы», - дейді Созақ ауданынан келген әлеуметтік желінің белсендісі Айгерім Айтаханова.

Айта кетейік, айтулы жоба аясында осы жылдың маусым айында жастарға арнайы семинар-сабақтары ұйымдастырылған болатын. Онда 250-ге тарта ауыл жастары мен журналисттер, белсенді жастар дұрыс ақпарат тарату, парақшаны алып жүру мен дұрыс пікір білдіру мәселелерін талқылаған еді.

Соңғы жаңалықтар