ОҚО-да Өзбекстан азаматы бойжеткенді пышақтап, тонап кеткен

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстан азаматы бойжеткенді пышақтап, тонап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірдің Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.
None
None

Қылмыстық оқиға Сарыағаш ауданында болды. Полицияға жаралы жас қыздың аудандық ауруханаға жеткізілгені туралы хабарланған. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары 20-25 жас шамасындағы қыздың белгісіз азаматпен жанжал кезінде пышақ жарақатын алғанын анықтады. Қыз көмекке шақыра бастаған кезде күдікті жәбірленушінің ұялы телефонын өзімен бірге алып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында 40-45 жастағы Өзбекстан азаматын  ұстады.

Қазіргі таңда оның үстінен «адам өлтіруге оқталу» және «қарақшылық» баптарымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ ОҚО ІІД-ден хабарлағандай, Қазығұрт ауданында бетперде киген белгісіз топ  мүшелері мекемелердің біріне тиесілі автокөлікті тоқтатып, жүргізушісіне күш көрсеткен. Сөйтіп 700 мың теңгесін қолды еткен. Жедел іздестіру шаралары барысында 4 күдікті ұсталды. 20-30 жастағы сезіктілер облыс тұрғындары болып шықты. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Сыбайластары болған  бесінші күдіктіге іздеу жарияланды. 

cdn.fishki.net сайтынан алынған иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар