ОҚО-да полицейлер заңсыз балық аулағандарға айыппұлдар салды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер заңсыз балық аулағандарға айыппұлдар салды. Ағымдағы жылдың 10 сәуірі мен 30 мамыры аралығында «Уылдырық» жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатқан облыстық Жергілікті полиция қызметкерлерімен 24 әкімшілік құқықбұзушылық дерегін анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Өңірдің тәртіп сақшылары табиғат қорғау органдары және өзге де сала қызметкерлерімен бірлескен мобильді топтар құрып, 4 күндік бойы браконьерлермен күрес жүргізді. Балық уылдырық шашатын кезеңде заңсыз балық аулайтындардың жолын кесті. Шара барысында 19 құқықбұзушыға балық ресуртарын қорғау ережесін бұзғаны үшін 200 мыңнан аса қаржы көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, балық аулау ережесін бұзған 5 жайт анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар түзілді. Процессуалды шешім шығару үшін сотқа жолданды. Айта кетейік, полицейлер тарапынан өткізіліп отырған «Уылдырық» іс-шарасы мамыр айының соңына дейін жалғасады.