ОҚО-да полицейлер жол апатынан қаза тапқан адамды тануға көмек сұрауда

Жол көлік оқиғасы 26 ақпаннан 27-сіне қараған түні Бәйдібек ауданына қарасты, Жиенқұм ауылының тұсында орын алған. Түнгі сағат 23:30-дар шамасында «Хундай Старекс» көлігінің жүргізушісі жол апатын жасап, жолдан өтіп бара жатқан адамды соғып кеткен. Алған жарақатынан жаяу жүргінші сол жерде қаза тапты. Енді аудандық ІІБ қызметкерлері қайтыс болған азаматты тану үшін халықтан көмек сұрауда. Себебі, сол уақыттан бері бұл жолаушыны ешкім іздемеген.
Белгілері: еуропалық нәсілді азамат, жас шамасы 30-35-тер, бойы 165-167 см, орта денелі. Үстіне қара күртеше мен көк түсті джинсы, қара түсті жемпір, қара аяқ киім киген. Ерекше белгілері байқалмайды.
Егер осы азаматты танитындар болса полицейлер ОҚО-ның Бәйдібек аудандық ІІБ-іне хабарласуын сұрайды, байланыс телефондары: 8-725-48-2-10-76, 8-725-48-2-19-02, 8-725-48-2-19-81, 8-702-501-25-00, 8-705-361-23-89, 8-775-510-87-77 не болмаса «102».