ОҚО-да сот орындаушы қызметіне зейнеткерлер тартылмақ

Сала басшыларының сөзіне қарағанда, кезекті қысқартудан кейін мемлекеттік сот орындаушылардың саны 52-і болды. Ал, жеке сот орындаушылар 217-ге жетіп отыр. Олардың әрбірі күніне 4 атқарушы істі орындауы керек. Жүктеменің көптігі мәселенің дер кезінде шешімін табуына кедергісін келтіруде.
«Жеке сот орындаушыларды көбейту жөнінде мәселе көтеріп отырмыз. Қазір бұл жұмысқа ішкі істер органдарынан зейнеткерлікке шыққан кісілерді тарту мәселесін қарастырудамыз. Себебі сот орындаушылар жетіспеуінен бүгінде осы қызметке іріктеу, лицензия беру жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Дегенмен осындай көрсеткішке қарамастан, жыл соңына дейін бүкіл құжаттардың 60 пайызын орындауды көздеп отырмыз» , - дейді Облыстық әділет департаментінің басқарма басшысы Бағдаулет Жұмаханов.