ОҚО-да табиғатты қорғау заңнамаларын бұзған 68 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер үш күн бойы арнайы рейдтік шаралар жүргізіп, заңсыз ағаш кесетіндер мен жер қойнауын өз бетінше пайдаланушыларды ұстаған. 
None
None

Табиғатты қорғау заңнамаларын бұзған 68 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null 

Облыстық Жергілікті полиция басқармасы қызметкерлері өңірлік табиғатты қорғау инспекторларымен және  басқа да мүдделі орган өкілдерімен бірлесе отырып, «Табиғат» жедел алдын алу шарасын өткізді. Тексеру кезінде жер қойнауын өз бетінше пайдалану, заңсыз балық аулау және ағаштарды кесу деректеріне қатысты 13 қылмыс тіркелді. Мәселен, Созақ ауданының тәртіп сақшылары аудандағы Тасты ауылына кіреберіс жолда күдік тудырған  «ГАЗ 53» жүк көлігін тоқтатқан. Көлікті қарау барысында сексеуіл ағаштарының тиелгені анықталды. Бүгінде келтірілген сексеуіл шығынының көлемі тексеріліп, автокөлік ақылы айыптұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ облыс аумағындағы өзендерден тас ұрлайтындардың да жолы кесілді. Құқық қорғау органы өкілдері рейдтік шараларын жүргізген үш күн ішінде табиғатты қорғау заңнамаларын бұзған 70-ке тарта азаматқа  249 мың теңге көлемінде айыппұл салды. 

null

Соңғы жаңалықтар