ОҚО-да терроризмді насихаттағаны үшін қамалған имамға қатысты сот басталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  -   Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында ауыл имамы мешітте терроризмді насихаттағаны үшін қамауға алынған болатын. Енді 41 жастағы ауыл молдасына қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Абдурапи Рахматуллаев Қарабұлақ ауылындағы орталық мешітте имам болған. 6 жылдан аса осы қызметті атқарып жүріп ол басқа дінге өтіп кеткен. Сөйтіп, айт намазы күндері жамағаттқа «Сирияда соғысып жүрген содырларға қол ұшын беру керек» деп уағыз айтқан.  Осылайша елімізде тыйым салынған діни ұйымға қолдау білдірген. Артынша қызметінен босатылып, осы жылдың қаңтар айында қамауға алынған болатын. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, іс Сайрам аудандық сотына өткен.

«Сотталушы А.С. дейтін азаматқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігімен қозғалған іс Сайрам аудандық сотының өндірісіне келіп түскен. Қазіргі таңда қылмыстық іс қаралу барысында. Ол бойынша қабылданған шешімдер қосымша хабарланады», - дейді аталған соттың кеңсе меңгерушісі Сабыр Мейрамбаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері Сайрам ауданында лаңкестік іс әрекетті насихаттағаны үшін 3 адам сотты болған. 

Соңғы жаңалықтар