ОҚО-да тоғызқұмалақшылардың сайысы тартысты өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданына қарасты Ынталы елді мекеніндегі Ә.Байтанаев атындағы негізгі мектебінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тоғызқұмалақтан 2004-2005 және 2006-2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасында топаралық жарыс өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту, өскелең ұрпақты саламатты өмір салтына бейімдеу, «Ұлы Дала Елінің» жастарын патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында өткен шарада аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов көпшілікті мерейлі мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Спорттық сайыстың ашылу салтанатында Отырар мемлекеттік археологиялық-қорық мұражайы қызметкері Нұржамал Ырсымбет бабалардан мирас болып қалған тоғызқұмалақ ойыны сонау Сақ дәуірінен бастау алған көне спорт түрі екендігін, Отырар даласынан бабаларымыздың тоғызқұмалақ ойынын ойнағандығын айғақтайтын құнды деректер табылғандығын жеткізді. Ал, жарыстың бас төрешісі Досан Ибрагимов спортшыларды биылғы жылдың ең басты, ұлық мерекесі - ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, сайыскерлерге ізгі тілегін білдірді. 

Жарысқа 6 команда сапында 50-ден астам жасөспірім қатысып, өзара бәсекеге түсті. Тартысты өткен сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы грамоталар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Соңғы жаңалықтар