ОҚО-да туберкулезге қарсы диспансерден өрт шықты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында  түберкулезге қарсы диспансерден өрт шықты. Ғимараттағы науқастар сыртқа шығарылып, қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОҚО-да туберкулезге қарсы диспансерден өрт шықты

Ақсукент ауылындағы емдеу мекемесінде өрт таңға жуық ғимараттың бірінші қабатынан шыққан. Оны сөндіруге жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің 24 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. Жалын 16 шаршы метрді шарпыған.  Тілсіз жау 09:57-де ауыздықталып, 10:08-де толық сөндірілген.  Зардап шеккендер жоқ.
null 

Аталған ауданда, сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орнының шатыры да жанып кетті. Қарасу ауылындағы  «Зухра» дәмханасының 40 шаршы метрі өртеніп,   оқиға орнына 10 қызметкер мен 4 дана техникасы жұмылдырылды. Нәтижесінде жалын 09.49-да оқшауланып, 10.55-та толығымен сөндірілді. Мамандардың мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда екі өрттің де себеп-салдары анықталуда.