ОҚО-да туризм басқармасы құрылатын болды
Жансейіт Қансейітұлының айтуынша, облыс аумағында Ақсу жабағылы қорығы мен Қасқасу демалыс аймағы, Сырдария өзені мен Шардара су қоймасының жағасы секілді табиғаты әсем жерлерге туристерді тарту бойынша арнайы жоспарлар жасалынып жатыр екен.
«Мен қазір облысымыздағы туризм саласына көп көңіл бөлемін. Облыста арнайы туризм басқармасын құру жайлы шешім қабылдадым. Себебі, туризм дегенді көп адамдар қыдыру деп ойлайды. Туризм қыдыру емес, туризм туристтік индустрия. Ол жеке үлкен бір сала. Себебі оның ішіне барлығы кіреді. Туристер келу үшін қонақүйлер керек, мейрамхана, дәмханалар, түрлі демалатын орындар қажет», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Сонымен қатар, өңір басшысы өз сөзінде туризмі жақсы дамыған Түркия, Германия секілді елдерді мысал ретінде айтып өтті. Бір ғана түріктердің өзі жылына туризмнің арқасында қазынасына 40 миллиард доллар қаржы түсіреді екен.